167
Теріскейге су тасқынымен күреске елордадан 312 сарбаз көмекке келді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облысқа еліміздің өзге өңірлерінен ТЖД мамандары мен әскерилер келуде. Олар су тасқынының алдын алу жұмыстарына жұмылдырылып жатыр.
– 68665 әскери бөлімінің сарбаздары Шал ақын ауданындағы Сергеевка қаласында су тасқынына қарсы шараларды жүргізеді, — дейді 68665 әскери бөлімінің аға лейтенанты Рустам Биятов.