Асқар Жүнісов – Мамлют ауданының прокуроры

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Бас прокурордың бұйрығымен әділет кеңесшісі Асқар Омарұлы Жүнісов Мамлют ауданының прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, Асқар Жүнісовтің прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 20 жылдан асады.

Асқар Жүнісов еңбек жолын 2003 жылы Уәлиханов ауданы прокурорының көмекшісінің міндетін атқарушы қызметінен бастаған.

Әр жылдары прокурордың көмекшісі, Уәлиханов ауданы прокурорының аға көмекшісі, облыс прокуратурасының жедел-іздестіру қызметін қадағалау басқармасының бастығы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған.

2024 жылдың ақпан айынан бастап Тайынша ауданы прокурорының орынбасары лауазымында болған.

Асқар Жүнісов заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін 2,3 дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz