Наурыз айында көлікті мас күйде тізгіндеген мемлекеттік қызметшіге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО прокуратурасының мәліметінше, наурыздың 20-сы күні көлікті мас күйде басқарған мемлекеттік қызметшінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан жолаушы зардап шекті.
Сот отырысында мемлекеттік қызметші кінәсін мойындамады. Десе де айыптаушы тарап оның кінәсін дәлелдеді. Тимирязев аудандық соты прокуратураның пікірімен келісіп, заңды бұзған азаматты 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Үкім заңды күшіне енген.