М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері «Цифрлық агрокөшбасшылар» атты байқауда жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Көкшетау қаласында өткен байқауды «Eurasia Group Kazakhstan» компаниясы ұйымдастырды. Оған Астана, Көкшетау, Петропавл қалалары мен Шағалалы ауылының жастары қатысты. Сайыстың екі күндік бағдарламасына тимбилдингтер, шеберлік сабақтары, экскурсиялар мен «Болашақтың трендтері» атты командалық турнирі кірді.
Командалық турнирде өңір намысын қорғаған агротехнологиялық факультеттің студенттері Диана Мартысюк, Виктория Пичугина және Алдияр Ғабдулин 1 орынды иеленіп, 450 000 теңгелік сертификатқа ие болды.
Ал жекелей сында Алдияр Ғабдулин мен Данияр Қожахметовтер 2-орынды жеңіп алып, Германиядағы «Gremme» зауытына арнайы сапардың жолдамасы бұйырды.
Байқауда қатысушылар аграрлық сала бойынша тың идеяларын ұсынып, ауыл шаруашылығы дамытуға бағытталған бағдарламаларын қорғады.