СҚО-да 6 күннің ішінде 50 алаяқтық фактісі тіркелді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Соңғы күндері әлеуметтік мессенджерлерде «су тасқынынан зардап шеккендерге ақша жинаймыз» деген хабарламалар қаптап кетті. Интернет-алаяқтар біреудің қайғысын себеп қылып, небір қитырқы әрекеттерге бара бастады. Полицейлердің сөзінше, мұндай әр үшінші СМС-хат – халықты алдап, қаражатын иемденуге бағытталады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавлдың бірнеше шағынауданын су басқаннан кейін «WhatsApp» мессенджерінде топтар құрылып, оларға қаланың және облыстың тұрғындары қосыла бастады. Әрқайсысында тілсіз жаудан зардап шеккен адамдар өз ойларымен бөлісіп, бір-бірімен ақпарат алмасады. СҚО полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері топтардың әкімшілерімен үнемі байланыста, алаяқтық белгілері бар болуы мүмкін әрбір ақпаратты тексереді.

– Соңғы уақытта су тасқынынан зардап шеккен адамдардың банктік карталарының нөмірлері және көмек сұрау туралы өтініштері көрсетілген хабарландырулар тарап кетті. Олардың барлығын көптеген тұрғындар көрді. Киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері осындай хабарландыруларды жіті тексеруде. Үш күн ішінде алты үлкен чатта 50-ге тарта жалған хабарландыру анықталды. Авторлардың чаттардағы нөмірлері бұғатталды, – дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Иван Терзиди.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz