113
Жолшылар республикалық маңызы бар А-16 «Жезқазған-Петропавл» тас жолының 872 шақырымындағы жол учаскесін қалыпқа келтіру бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Қазіргі таңда жол қабатының негізін тұрақты ұстап тұру үшін үлкен габаритті тастар төгіліп, кейін оны төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, делінген «ҚазАвтоЖол» мекемесінің хабарламасында.
6732 тонна қиыршақ тасты қорға жинақтап, тас карьерін құру жұмыстары басталды.
Аталмыш жұмыстарға 56 бірлік техника жұмылдырылды.