Петропавлдағы супермаркеттердің бірін тонап кеткен екі адам ұсталды. Осы әрекеті үшін олар 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Оқиға кеше, яғни 29 сәуір күні қаладағы супермаркеттердің бірінде болған. Екі петропавлдық дүкенге келіп, күзетшіні қорқытып, спирттік ішімдіктер мен азық-түлікті ұрлап кеткен.
— Күдіктілерді криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері ізін суытпай ұстады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олардың үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығы шектелуі мүмкін немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – делінген СҚО ПД баспасөз қызметі таратқан мәліметте.