СҚО-да тасқыннан зардап шеккендерге 500 үй салынады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов су басқан Былғары кенті, Ойқала және Тепличное ауылында болып, тасқыннан зардап шеккен тұрғындармен кездесті. Халыққа баспана алу және жөндеу жүргізу ережелері бойынша түсініктемелер берілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Қазір бұл аудандарда тазалау жұмыстары басталып кетті. Бүгіннен Былғары кенті мен Ойқалаға қалпына келтіру және жөндеу жүргізу үшін мехникалық бригадалары мен техникасы бар бекітілген аудандар келе бастайды.

Сондай-ақ өңір басшысы «Солнечный-2» ықшам ауданындағы зардап шеккендерге арналған тұрғын үй құрылысын бақылады. Жергілікті 10 құрылыс компаниясы «Қазақстан халқына» қорының қаражатына 100 тұрғын үй салуда. Сондай-ақ «Kaspi» 300 үйді салуды, «Kazakhmys» корпорациясы 100 үй тұрғызуды жоспарлап отыр.

photo1714649901

— Жаңа шағын ауданда тасқыннан зардап шеккендерге барлығы 500 үй салынады. Жұмыс көлемі ауқымды, адамдар баспанаға ие болуы үшін құрылысты суық түскенше дейін аяқтау қажет, — деп жазды облыс әкімі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz