Сәуір айнан бастап СҚО-да 82 адамды кене шақты. Оның 20-сы – кәмелеттік жасқа толмаған балалар, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, өткен жылы дәл осы мерзімге сәйкес өңірде 94 адамды кене шаққан. Жалпы 2023 жылдың ішінде 681 факті тіркелді.
– Көктемде кене қауіпті болып келеді. Осы уақытта олар кене энцефалиті, тиф, туляремия, Лайм ауру мен геморрагикалық лихорадка сынды жұқпалы инфекцияларды таратады. Өткен аптаның ішінде облыста кене 47 адамды шақты, — дейді департаменттің баспасөз хатшысы Айнаш Сағындықова.
Кене шағу фактілері:
Айыртау ауданы – 12;
Аққайың ауданы – 4;
Ғ.Мүсірепов атындағы аудан – 1;
Есіл ауданы – 4;
Жамбыл ауданы – 1;
Қызылжар ауданы – 4;
М.Жұмабаев ауданы – 3;
Мамлют ауданы – 2;
Тайынша ауданы – 6;
Тимирязев ауданы – 3;
Уәлиханов ауданы – 1;
Шал ақын ауданы – 2;
Петропавл қаласы – 39;
Барлығы – 82.