Кеше Солтүстік Қазақстан облысының аумағында қатты жел мен нөсер жаңбыр жауды, кейбір аудандарда бұршақ түсті, Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК филиалының мәліметінше, Шал ақын ауданының орталығы Сергеевка қаласында жауған бұршақтың диаметрі – 10 мм, Саумалкөлде – 6 мм-ді құрады.
Петропавлда да жаңбыр аралас бұршақ жауып, қатты жел соғып, найзағай ойнады.
Қызылжар ауданы Новоникольское ауылында да қатты жаңбыр жауды. Онда ай сайынғы жауын-шашын мөлшері 33 мм болса, кеше 41 мм-ді құрады.
Аймақта дауыл туралы ескерту 10 мамырда жарияланды. Бүгін найзағай ойнап, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді деп күтілуде.