643
Жол көлік оқиғасы Шәжімбаев пен Жұмабаев көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
5М бағытында жолаушы тасымалдайтын автобус шетелдік маркалы көлікпен соқтығысып қалған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ, 2 жүргізуші де спирттік ішімдік тұтынбаған.
-Оқиғаға қатысты материалдар жинастырылуда, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, Петропавл қалалық мамандандырылған Сотына жолданады, дейді полицейлер.