СҚО мұғалімдері «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да білім саласында қажырлы еңбек етіп келе жатқан мұғалімдерге «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі берілді. Бұл марапатқа 10 ұстаз лайық деп танылды, деп жазады Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Оқу жылы аяқталысымен облыстың үздік педагогтерінің еңбегі жоғары бағаланды. СҚО білім басқармасының мәліметінше, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың атынан педагог-шебер санатындағы мұғалімдерге «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі берілді.

Айырықша төсбелгімен марапатталғандардың қатарында қаланың және облыс аудандарының ұстаздары бар. Олар:

Бақыт Ерікқызы Алдабергенева – СҚО, Қызылжар ауданының «Парасат мектеп-лицейі» КММ директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, химия және биология пәнінің мұғалімі;

Зухра Нұрмолдақызы Ауғанбаева – СҚО, Петропавл қ. «Мағжан Жұмабаев атындағы IT мектеп-лицей» КММ директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

Ерлан Жұмабекұлы Букенов – СҚО Айыртау ауданының «Саумалкөл №1 орта мектебі» КММ тарих пәнінің мұғалімі;

Гүлнәр Кауқанқызы Жанмұханова – СҚО Жамбыл ауданы «Қожаберген жырау атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ химия және биология пәнінің мұғалімі;

Елена Николаевна Земляковаға – СҚО Петропавл қ. «Бірінші қалалық жалпы білім беретін ІТ мектеп-лицей» КММ физика мұғалімі;

Жадыра Сабыржанқызы Қаржауова – СҚО Петропавл қ. «Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гииназия-интернаты» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

Конюша Надежда Николаевна – СҚО Ғ. Мүсірепов атындағы ауданының «№1 Новоишим орта мектебі» КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі;

Алексей Владимирович Кособоков – СҚО Шал ақын ауданының «Социалистік Еңбек Ері Есім Шайкин атындағы орта мектеп» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, биология пәнінің мұғалімі;

Мәкен Ерлан Зәйтөнұлы – СҚО, Петропавл қ. «Дарын» мектеп-лицейі» КММ директоры, тарих және география пәнінің мұғалімі;

Целуйко Наталья Федоровна, СҚО Петропавл қ. «Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ мектеп-лицейі» КММ тарих пәнінің мұғалімі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz