Көкжөтел белең алуда

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жыл басынан бері облыста көкжөтелдің 33 жағдайы тіркелді. Оның 28 – і Петропавлда анықталғаны белгілі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Серік Аусатовтың айтуынша, өткен жылы Петропавлда көкжөтел тіркелмеген. Биыл науқастардың 46 пайызында бұл ауру анықталды.

– Көкжөтелдің барлық жағдайлары 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелген. Олардың ішінде – балабақшаға баратын үш бала және бір оқушы. Аурудың өсуінің басты себебі-вакцинацияның болмауы. 28 науқастың 27-сінде вакцинация болмаған. Негізінен балалардың ата-аналары вакцинациядан бас тартады. Тек алтауында медициналық қарсы көрсеткіштер болған, ал біреуі егу үшін белгіленген жасқа жетпеген, — дейді Серік Аусатов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz