1 сәуірдегі көрсеткіш бойынша, биыл елімізде 5,4 млн. көлік тіркелген. Бұл былтырғыдан 15,9% көп, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Жылы жаңа көліктерге келер болсақ, шыққанына 7-10 жыл болған көліктер саны 5,7% өсіп, 671 мыңға жеткен. Ал 3-7 жылдық көліктер саны 3,2 есе көбейіп, 633,8 мың болған. Ал 3 жылға толмаған көліктер саны 328,4 мың — былтырғыдан 14,6% кем.
Жүк көліктердің саны 533,1 мыңға, автобустар саны 110,7 мыңға жеткен.
Өңірлер бойынша көлік ең көп тіркелген қалалардан Алматы көш бастап тұр. Мұнда 626,9 мың автомобиль бар. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 14,6%-ға артық.
Екінші орында — Алматы облысы (589,3 мың) мен Астана (392,9 мың). Ең төменгі көрсеткіштер жаңа өңірлерге тиесілі: Ұлытау (19,8 мың), Абай (48,6 мың) және Жетісу облыстары (55 мың).
Дипломатиялық нөмірлері бар көліктер саны бір жылда 12,1%-ға өсіп, 48,1 мың болған. Ал өңірі көрсетілмеген көліктер саны 15%-ға өсіп, 288,4 мыңға жетті.
Халық қозғалтқышы 1500-ден 2000 текше метрге дейінгі көліктерді жиі пайдаланады. Мұндай көліктердің саны бір жылда 13,6%-ға өсіп, 2,1 млн-ға жетті.
Сондай-ақ, көліктердің басым бөлігі бензинмен жүреді. Биыл бұл көрсеткіш 4,4 млн-ға жеткен. Мұндай көліктер былтыр 15,4%-ға аз болған. 408,7 мың автомобиль аралас отынмен, 383,8 мың автомобиль дизельдік отынмен, 12,8 мың автомобиль газбен жүреді.
Елімізде тіркелген көліктердің басым бөлігі ескі. Мәселен, 1 сәуірдегі мәлімет бойынша, 20 жылдан асқан 2,5 миллион автокөлік бар. Ал шыққанына 10-20 жыл болған көліктер саны — 1,3 млн.
Халықтың жеке меншігіндегі жеңіл автомобильдер саны 100 адамға шаққанда 22,6 автокөлікті құрады.
Ең жоғары көрсеткіш Шығыс Қазақстан облысында байқалды. 100 адамға — 39,1. Бұдан әрі Алматы (100 адамға 33,7), Қарағанды (100 адамға 26,6) және Солтүстік Қазақстан (100 адамға 26,1) облыстары тұр.