Елімізге Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz. Оны «Ақорда» резиденциясында салтанатты түрде қарсы алу рәсімінен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Содан кейін Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұраны орындалды.
Салтанатты қарсы алу рәсімінен соң президенттер шағын құрамда келіссөз жүргізуге Шығыс залына барды. Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің шақыруын қабыл алып, елімізге іс-сапармен келгені үшін кореялық әріптесіне алғыс айтты. Сондай-ақ мұны екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға деген шынайы ниеттің айқын көрінісі деп бағалайтынын жеткізді.