«Қарасай» стадионы қайта жөндеуге жабылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс орталығында «Қарасай» стадионын жаңғыртудың  екінші кезеңі басталды. Оның барысын СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тексерді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Былтыр жылыту және суару жүйесі бар жасанды алаң, жаңа жарықтандыру жүйесі, электронды табло және дыбыс қондырғысы орнатылды.

Биыл батыс және шығыс трибуналар жөнделіп, трибуна астындағы ғимарат, киім ауыстыратын және санитарлық бөлмелер жаңартылады.  Батыс трибунаның үстіне жаңбырлы ауа райында жетіспейтін шатыр орнатылады. Сонымен қатар, командалар ортадан шығатын болады.

Сондай-ақ, орындықтар мен тартан жабыны бар жүгіру жолағы ауыстырылады. Шығыс трибунада БАҚ өкілдеріне арналған орындар пайда болып, әкімшілік ғимарат салынады. Автотұрақ пен стадион аумағын абаттандыру да назардан тыс қалмайды.

Қайта жөндеуден кейін «Қарасай» стадионы УЕФА талаптарына сай болып, Петропавлда еурокубок ойындарын өткізуге мүмкіндік береді. Футболшылар мен жанкүйерлер үшін қолайлы жағдай жасалады. Жалпы, бұл жұмыстың арқасында өңірімізде футбол кеңінен насихатталып, дамудың жаңа деңгейіне шықпақ, — деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz