Солтүстік Қазақстан облысында мектеп оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші кезеңі өтуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Пәнаралық олимпиада ақпанның 14-і күні басталды. Онда 9 бен 11-сыныптың 3500-ден астам оқушысы бақ сынайтын болады. Сайыстың аудандық/қалалық кезеңі 19-ақпанға дейін жалғаспақ.
Олимпиаданың әділ өтуін қадағалау мақсатында аудиториялар бейнетрансляцияға қосылған. Академиялық адалдық қағидаттарын сақтау үшін Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының әдіскерлері тірек мектептерге жіберілді.