Боранда қалған солтүстікқазақстандық қамысты паналап, аман қалған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің мәліметінше боранды күндері екі автокөлік пен төрт адам құтқарылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ақжар ауданында атқа мініп жылқы қарауға шыққан Қарашілік ауылының 41 жастағы тұрғыны адасып қалғандықтан, іздеу — құтқару жұмыстарын жүргізуге тура келген.

-Департамент өкілдері полицейлермен, атқарушы билік органдарының қызметкерлері, жергілікті тұрғындармен бірлесіп іздеуге шықты. Жалпы алғанда 50 адам мен 20 техника жұмылдырылды. Оның ішінде жол талғамайтын арнайы көлік те бар. Іздеу аумағы 200 шаршы шақырымнан асты. Жылқышы тек бір тәуліктен кейін ғана табылды. Көрші ауылға жетіп, сол жерден туыстарына хабарласқан. Өзінің айтуынша боран басталғасын қамысқа кіріп, сол жерде ауа-райының жақсаруын күткен. Өзі дін аман, медициналық көмекке зәру емес, деді төтенше жағдайлардың зардабын жою бөлімінің бастығы Серік Наурызбаев.

Естеріңізге сала кетсек, боранның салдарынан өңірдегі Айыртау, Ғабит Мүсірепов, Ақжар және Уәлиханов аудандарындағы республикалық және облыстық маңызы бар 11 жол учаскесі жабылған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz