М. Жұмабаев атындағы IT мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы Әлихан Ақұлбай «Ойлан,тап» атты ойынды әзірлеген. Ол бастауыш сынып оқушыларының математикалық қабілетін дамытуға көмектеседі.
Геймификация элементтерге негізделген бұл ойын күрделі есептерді қарапайым әрі қызықты әдіспен үйренуге мүмкіндік береді. Балалар танымал мультфильм кейіпкерлерінің көмегімен математикалық амалдарды меңгереді. «Ойын барысында балалар өз сыныбын таңдап, тапсырмалар орындайды. Егер жауап дұрыс болса, «Жарайсың!» деген мотивациялық жазу шығады. Тек дұрыс жауап бергенде ғана келесі деңгейге өтуге болады», — дейді жас өнертапқыш.
Алихан бастапқыда бұл жобаны информатика сабағында бастаған. Кейін оны математика пәніне бейімдеп, оқушылар үшін қызықты әрі пайдалы құралға айналдырды. Ұстаздары оның шығармашылық көзқарасы мен табандылығына жоғары баға беріп отыр. Бұл ойын балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытып, мектеп бағдарламасын меңгеруді жеңілдетеді.
QYZYLJAR NEWS