ПОЙЫЗ ЖОЛАУШЫЛАРЫ ҮШІН ЕРЕКШЕ АКЦИЯ

Авторы: Qyzyljar News

«AMANAT» партиясы облыстық филиалының  өкілдері №15 жолаушылар пойызының вагонында көшпелі қабылдау өткізді. Бұл азаматтарға профилактикалық консультациялық көмек көрсетуге бағытталған жаңа бастама. Жобаның негізгі міндеті — көші-қон саясатын түсіндіру, жолда жүрген кезде жолаушылардың қырағылығын арттыру, сондай-ақ мүлікті сақтау шаралары туралы ақпараттандыру.

Акцияға көші-қон қызметінің, көлік прокуратурасының, желілік полицияның өкілдері, сондай-ақ пойыздың бастығы қатысты. Мамандар жолаушылардың сұрақтарына жауап беріп, қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіріп, жолдағы қауіпсіздік бойынша пайдалы кеңестерімен бөлісті. «Көші-қон, қауіпсіздік және құқықтық аспектілерге қатысты көптеген сұрақтар дер кезінде шешілмейді. Оған белгілі бәр уақыт керек. Көшпелі қабылдау бұл азаматтар үшін маңызды мәселелерді кейінге қалдырмай, жолда жүріп-ақ тұщымды жауаптар алуға мүмкіндік береді. Бұл акция жолаушылардың құқықтық сауаттылығы мен қауіпсіздік деңгейін арттыруға көмектеседі деп сенеміз», — деді  «AMANAT» партиясы облыстық филиалы  қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Гүлфира Рамазанова.

Акция әртүрлі бағыттарды қамти отырып, тұрақты негізде өткізілетін болады. Болашақта консультацияға тартылатын мамандардың саны көбейтіліп, жолаушыларға арналған ақпараттық материалдардың көлемі ұлғайтылады.

QYZYLJAR NEWS

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

 

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz