Май экстракциялау зауытын іске қосу майлы дақылдарды қайта өңдеп, өсімдік майын, нақтырақ айтсақ, зығыр және рапсты, ірі қара малға арналған жемді өндіру көлеміне дәуір арттыруға мүмкіндік бермек. Заманауи кәсіпорынды іске қосу арқылы жылына 180-300 мың тонна майлы дақылды қайта өңдеу жоспарланып отыр, деп хабарлайды QyzyljarNews.kz тілшісі.
Жалпы құны 15 млрд теңгені құрайтын жоба «Бизнестің жол картасы 2025» және «Қазақстан Республикасын индустриялды -инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламалары аясында іске асырылуда.
«Масло-Дел Петропавл» серіктестігі зауытты келесі жылы қолданысқа беруді жоспарлап отыр.
— Өндіріс барысында біз сыртқы нарықтарда сұранысты арттыру үшін жаңа технологияларды пайдалануды жоспарлап отырмыз. Өйткені, жоба республиканың экспорттық әлеуетін дамытуға бағытталған. Әлемдік стандарттарға сәйкес болу үшін өндірістік жабдық жетекші еуропалық жеткізушілерден сатып алынатын болады. Сонымен қатар, шикізаттың сапасын бақылауға арналған зертхана өнімнің сипаттамаларын талдау үшін кеңейтілетін болады,-дейді «Масло-Дел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Павел Селиванов.
Айта кету қажет, «Масло-Дел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің майлы дақылдарды сақтауға арналған жеке элеваторы бар. Бұл өнімнің өзіндік құнын айтарлықтай төмендетуге, сонымен қатар майлы дақылдарды қолайлы бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.