Туризмді дамытуға қолдау көрсетіледі

Авторы: Qyzyljar News

Елімізде туризм саласымен айналысатын кәсіпкерлерді қолдап, бизнес субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу мақсатында ағымдағы жылдың 1-ші қаңтарынан бастап жаңа мемлекетттік қолдау шаралары іске асыруда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Яғни, кәсіпкерлер туристік нысан салуды қолға алса, құрылысқа жұмсаған қаражаттың 10 пайызын мемлекет қайтаратын болады. Сонымен қатар, туристердің жүріп-тұруы үшін сатып алынған автокөліктердің бағасының 25 процентіне демеуқаржы төленеді. Әрі тасжолдардың бойына тұрғызылған азаматтарға қызмет көрсету нысандары үшін ғимарат иесіне соманың 10 пайызы өтеледі. Мемлекеттік қолдаудан санитарлық-гигиеналық орындарды күтумен шұғылданатын адамдарға да субсидия төленбек. Бұл іске айына 83 300 теңге жұмсалып отырады.

-Мемлекеттік қолдауға ие болу үшін іскер жандар кәсіпкерлер палатасы басқармасына барып, тиісті құжаттарды ұсынуы қажет. Ең бастысы – кәсіпкердің салықтық қарызы болмағаны абзал. Субсидиялауға берілген өтініш 2 жұмыс күнінде қарастырылады. Одан кейін арнайы құрылған комиссия шешім шығарып, өтінімді уәкілетті органға жібереді. Бюджеттен ақша бөлінген соң, шамамен 15 күннен кейін кәсіпкердің шотына демеуқаржы түсетін болады, дейді Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz