Облыстық әкімдік отырысында қаладағы су тасқыны мәселесі егжей-тегжейлі талқыланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабековтың айтуынша, су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан алдын- алу жұмыстары жемісін беруде. Су астында қалатын баспаналардың саны 2020 жылмен салыстырғанда біршама азайған.Қазіргі таңда қауіпті аймақта 107 үй тұр.
Болат Жұмабековтің айтуынша, еріген суды жинақтап, оны өткізу үшін 19 құдық орнатылған. Көктемде жағдай ушығатын болса 83 техника әзір тұр.
-Ақпанның 14-нен бері қала көшелерінде кәріз желілерін қар мен мұздан тазарту қолға алынды. Ал су басу қаупі бар үйлерде тұратын тұрғындармен Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері мен полицейлер түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Әсіресе, Заречный, Ойқала мен Былғары зауыты және саяжай нысандарына басымдық берілген,-деді Петропавл қаласының әкімі.