СҚО-да бюджет қаражатын игеру кезінде заң бұзушылықтарға жол берілген

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда аулаішілік жолдарға қиыршық тас пен асфальт төсеу кезінде бірқатар заң бұзушылықтарға жол берілгені анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметкерлері қалалық ТҮКШ бөліміне жолдар мен аулаларда жұмыстар жүргізу кезінде бюджет қаражатын пайдалану мәселесі бойынша тексеріс жүргізді.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, 2020 жылдың сәуірінен бастап 2021 жылдың қазанына дейін аула ішіндегі өтпе жолдарға асфальт төсеуге және қиыршық тас салуға арналған сметалық есептеулерде қиыршық тас құны өңірдегі базалық бағасынан орта есеппен 1,7 есе жоғары көрсетілген. Нәтижесінде шығын шамамен 679 миллион теңгеге көбейген.

— Бөлім басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Департамент СҚО мамандандырылған экономикалық сотына ұйғарымды орындауға мәжбүрлеу туралы талап арыз берді. Аудит материалдары қылмыстық қудалау органдарына процессуалдық шешім қабылдау үшін жіберілді, — делінген департаменттің хабарламасында.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz