СҚО-да ауылдарды көркейтуді жергілікті шаруашылықтар қолға алды

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Жамбыл ауылының тұрғындарымен жүздесті. Кездесу барысында жергілікті серіктестік жетекшілері осы уақыт аралығында атқарған шаруалары жайлы баяндады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өңір жетекшісі ауыл шаруашылығы саласында еңбек ететін жандардың көптен бері есеп беру кездесулерін ұйымдастырмағанын атап өтті. Жиында елді мекен тұрғындары ауылды дамыту жоспарларын сұрастырды.

whatsapp image 2022 02 25 at 10.46.59 2 whatsapp image 2022 02 25 at 10.47.00 1

-«Алисарай» ЖШС жыл соңында сүт фермасын іске қосады. Нәтижесінде, 25 ауыл тұрғыны жұмысқа тұрады. Сондай-ақ аталған шаруашылық медициналық қосын мен кітапхананы жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындамақ ниетте. Ал «Атамекен-агро» серіктестігі болса, мектепті жаңартып, тұрғын үйлерге ауыз су тарту үшін жобалық-сметалық құжаттама жасайтын болады, — деді Құмар Ақсақалов.

Құмар Ақсақалов ауыл шаруашылығы құрылымдарының міндеттемелері қол қойылған меморандумда бекітілгенін, әрбір тармақтың тиісінше орындалуы ерекше бақылауда болатынын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz