СҚО әкімі суға түсуге рұқсат етілмеген жерге шомылғандарға айыппұл салуды ұсынды

Авторы: Qyzyljar News

Күн ысысымен облыстағы су айдындарында демалушылар саны күрт өсті. Құтқарушылар болса рұқсат етілмеген жағажайларда бақылаудың жоқтығына алаңдаулы, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өңірде 12 көл мен Есіл өзеніндегі 58 орында шомылуға рұқсат етілген. Қалғандарына түсуге тыйым салынған.

-Күн ыстық болғандықтан, маусымның үшінші онкүндігінде жағажай маңдарында демалушылардың көбейгенін аңғардық. Соңғы 9 жылда облыста 211 адам суға кетті, оның ішінде 33-і — бала. Қайғылы жағдайлардың барлығы шомылуға рұқсат етілмегеніне қарамастан, халық көп шоғырланатын су айдындарында орын алды. Демалыс орындарын жалға алушылар қауіпсіздік шараларын ескере бермейді. Өткен аптада екі қалалық жағажай тексерілді. Нәтижесінде 48 ереже бұзушылық анықталды. Меншік иесі қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі екені белгілі болды, — деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Дмитрий Растихин.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов тыйым салынған орындарда шомылатын тұрғындарға айыппұл салу керек деп санайды.

— Төтенше жағдайлар және полиция департаментінің мамандары тұрғындардың рұқсат етілмеген орындарда шомылуға жол бермеу керек. Учаскелік полицейлер су айдындарын аралап, ескерту жасай алады. Былтыр 831 адамға айыппұл салынды. Рұқсат етілмеген жағажайларда шомылатындарға айыппұл салған дұрыс, осылайша азаматтардың өмірін сақтаймыз, — деді өңір жетекшісі.

Фото : Qyzyljarnews.kz / Талғат Тәнібаев

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz