Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық соттың әкімшілік істер бойынша сот алқасының төрағасы былтыр өңірде 9 шенеунікке айыппұл салынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Солт алқасының төрағасы Серікбол Сапарғалиевтің айтуынша, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі өзінің процестік міндеттерін орындамайтын және құқықтарды жосықсыз пайдаланатын адамдарды мәжбүрлеу шараларын көздейді.
-Сот сұрауларын уақтылы орындамағаны үшін 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу қарастырылған. Мәселен, 2021 жылы СҚО-ның 9 шенеунігі оны төлеуге мәжбүр болды. Олардың ішінде аудан және ауылдық округ әкімдері, аудандық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау бөлімінің басшылары, Петропавл қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы, аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының м.а., Петропавл қаласы әкімдігінің маманы, екі жеке сот орындаушысы бар, деді Серікбол Сапарғалиев.