16 наурызда жаңа реформалар пакеті ұсынылады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Президент еліміздің «Жаңа Қазақстанды» құру жөніндегі ауқымды міндетті орындауға кіріскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының айтуынша, алдымызда мемлекетіміздің болашақ тағдырын шешетін аса маңызды жұмыс тұр. Оны ойдағыдай жүзеге асыру үшін жаңа мақсат-міндеттерімізді айқындап алуымыз қажет. Партия барлық реформаға ұйытқы болуға тиіс.

— 16 наурызда мен саяси реформалардың жаңа бағдарламасын ұсынамын. Қазір партиялар арасындағы бәсекелестік күшейе түсуде. Осыған байланысты біз партиямыздың басты саяси күш ретіндегі рөлін сақтап қалуға тиіспіз. Бұл өте маңызды міндет. Басқаша айтқанда, ұйым еліміздің мүддесін қорғайтын нағыз халықтық партия болып қала беруі тиіс, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев партияның кезектен тыс съезінде.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz