Өткен тәулікте Қазақстанда 260 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Сырқаттанғандардың 28-і біздің өңірдің тұрғыны, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ел бойынша қауіпті індетті жұқтырғандардың басым бөлігі Алматы қаласының тұрғындары. Оңтүстік астанада 90 тұрғын науқастанған. Одан кейін Солтүстік Қазақстан тұр. Біздің аймақта 28 азамат инфекция жұқтырған.
СҚО коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша әлі «сары» аймақта. Ал республиканың қалған облыстары «жасыл» аймақта тұр.