Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, соңғы 2 жұма ішінде 796 солтүстікқазақстандық коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бұл өткен сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,7 есе аз, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Соңғы тәулікте Солтүстік Қазақстан облысында 32 адам сырқаттанды. Коронавирусты жұқтыру деңгейі бойынша Петропавл алда тұр. Қалада 13 тұрғын індетке шалдыққан. Ал Мағжан Жұмабаев ауданында — 4, Мамлют пен Қызылжарда – 3, Тайынша, Жамбыл, Аққайың аудандарында 2 адамның бойынан қауіпті инфекция анықталды. Айыртау, Тимирязев пен Есіл ауданында бір адамнан тіркелді.
Бүгінге дейін 287 049 солтүстікқазақстандық вакцинаның қос компонентін салдырды. 301 524-і әзірге, біріншісін ғана қойдырыпты.