Елімізде ҰБТ-ның көктемгі кезеңі басталды

Авторы: Qyzyljar News

Биыл Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеудің көктемгі кезеңі наурыздың 4-і мен 31-і аралығында өтеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Тестілеу әдеттегідей, 5 пән бойынша жүргізіледі. Оның үшеуі – міндетті, қалған екеуін оқушылардың өздері таңдайды. Түлектерге 120 тапсырма беріледі. Соның ішінде 15-і Қазақстан тарихынан, дәл осынша математикалық сауаттылықтан және оқу сауаттылығынан 20, бейіндік пәндердің әрқайсынан 35 сұраққа жауап беру керек.
Ал жеделдетілген оқу түріне түсетіндер жалпы кәсіптік пән бойынша 20, арнайы пәннен 40 тапсырма орындайды.
Ақылы түрде тест тапсыру 5640 теңге тұрады. Оны үйден шықпай-ақ, Kaspi.kz банкінің мобильді қосымшасы немесе банк картасы арқылы төлеу мүмкіндігі қарастырылған.

– Солтүстік Қазақстан облысында ҰБТ тапсыруға арналған 2 қосын бар. Олар Новоишимка селосында және Петропавл қаласында орналасқан. Оқушылар күніне 2 лекпен сынақтан өтеді. Түлектер ҰБТ-ны компьютер арқылы тапсырады. Тестілеудің әділ әрі ашық өтуін қадағалау мақсатында 2 камера қойылады. Біреуі – оқушының үстінен, екіншісі дәл алдынан түсіріп тұрады, – деді ұлттық тестілеу орталығы Петропавл филиалының жетекшісі Жанар Жабагина.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz