Петропавлда 5 адам өрттен қаза тапты

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлдағы Береке ықшам ауданында болған өрттен 5 адам қаза тапты. Бұл ақпаратты ҚР ТЖМ баспасөз қызметті таратты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

13 наурызда түнгі сағат 01:07-де өрт сөндіру қызметіне Мәскеу көшесінде орналасқан 4 пәтерлік үйдің жанып жатқаны тура хабар түскен. Құтқарушылар жетіп, өрт ошағы №3-інші пәтерде екені анықталды. Өртті сөндіру барысында үйдің ішінен 1975 және 1979 жылы туған 2 ер адам мен 1960 және 1967 жылғы 2 әйелдің мәйіті табылды. Кіре берісте 1960 жылы туған тағы 1 ер адамның күйік шалған денесі жатқан. Мүрделер сот-сараптамалық орталығына жіберілді.

Өрт 01-53- те ауыздықталып, 02-24-те толық сөндірілді дейді департамент қызметкерлері.

Алдын ала болжам бойынша, үйде арақ ішіп, төсекте темекі тартқаннан болуы мүмкін, деп хабарлады ТЖМ өкілдері.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz