Петропавлда «Ұлтын сүйген ұлылар» атты республикалық ақындар айтысы өтті

Авторы: Qyzyljar News

Еліміздің суырып салма ақындары бас қосқан дүбірлі дода халық жазушылары Ғабит Мүсіреповтің 120, Сафуан Шаймерденовтің 100, Кәкімбек Салықовтың 90 жылдық мерейтойына орайластырылған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Айтысты Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, Халықаралық айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының төрағасы Жүрсін Ерман жүргізді.
Аталған іс-шарада еліміздің түкпір-түкпірінен келген 12 ақын бақ сынады. Солтүстік Қазақстан облысынан Жұмабек Рахимов пен Жарқын Жұпархан өнер көрсетті.
Қазылар алқасына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты ақын Ғалым Жайлыбай төрағалық етті.

whatsapp image 2022 03 16 at 21.50.45whatsapp image 2022 03 16 at 22.00.08 3
Аламан бәйгенің қорытындысы бойынша бас жүлдені солтүстікқазақстандық Жарқын Жұпархан иеленді. Жеңімпаз жерлесімізге 1,5 млн теңге сыйақы берілді.
Бірінші орын Нұр-Сұлтан қаласынан келген Еркебұлан Қайназарға бұйырды. Ал Рүстем Қайыртай (ШҚО) мен Мейірбек Сұлтанхан (Қызылорда) екінші орынға табан тіреді. Үшінші орынды Нұрзат Қару (Алматы), Төлеген Жаманов (Қарағанды), Серік Қуанған (ШҚО), Шұғайып Сезімхан (Алматы) және Тілеген Әділов еншіледі (Қарағанды).
Сонымен қатар, шымкенттік Қалижан Білдәшқа Қожаберген атындағы; солтүстікқазақстандық Жұмабек Рахимовқа Мағжан Жұмабаев атындағы, Алматы қаласынан келген Қазірет Бердіханға Ғабдолбәри қари атындағы арнайы жүлде табысталды.

whatsapp image 2022 03 16 at 22.00.08 2whatsapp image 2022 03 16 at 22.00.08 1

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz