Кеше ел бойынша 22 адамның ауру жұқтырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ауруға шалдыққандардың ең көбі- Алматы қаласында, мұнда қауіпті індет 8 адамнан анықталды. Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы, Атырау, Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облыстарында 1 адамнан ауырған. Шығыс Қазақстан мен Қостанай өңірлерінде 2 фактіден тіркелсе, Солтүстік Қазақстанда 4 адамның бойынан қауіпті дерттің белгілері табылды.
Сондай-ақ, кеше облыс бойынша 48 адам коронавирустан емделіп шықты.