Сәуірдің соңында СҚО-да тасқын қаупі күшейеді

Авторы: Qyzyljar News

Синоптиктер сәуір айының соңында Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі су тасқыны болады деп болжап  отыр. Кейін мамырда Петропавл маңында да Есіл өзені тасуы мүмкін, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта Сергеев су қоймасы 76 %-ға толған. Ал былтыр бұл көрсеткіш 86 %-ды көрсетті. Су қоймасының жалпы сыйымдылығы — 1,3 млрд текше метр. Тасқын болған жағдайда қоймадағы су   1,5 млрд текше метрге дейін жетеді деген болжам бар.

«Қазгидромет» РМК СҚОФ инженері Роман Гиричевтың айтуынша, Есіл өзеніндегі су қоры биыл   орташа көрсеткіштен 33 %-ға көп, бірақ,  былтырғыдан 33 %-ға кем.

Сәуір айының бірінші онкүндігінде күн жылынып,  шағын өзендер таси бастайды деп болжануда. Екінші онкүндікте шағын өзендер арнасынан шығып, үшіншісінде Есіл өзені тасуы ықтимал.

-Соңғы мәлімет бойынша, облыста қардағы су қоры біркелкі емес. Ең төмен көрсеткіш Ақжар және Тайынша аудандарында тіркелді, 16 мм-ден 29 мм-ге дейін ғана. Ең жоғары су қоры Аққайың, Тимирязев, Уәлиханов және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарда, 80-84 мм аралығында. Қалған аудандарда жылдағы нормаға сәйкес, — дейді Роман Гиричев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz