Биылғы пітір садақаның мөлшері 500 теңге болып бекітілді

Авторы: Qyzyljar News

Нұр-Сұлтан қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде биылғы пітір садақасының мөлшері бекітілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚМДБ ресми сайтына сілтеме жасап.

Төралқа мәжілісінде наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның нарықтағы орташа бағасын есепке ала отырып бекітілгенін атап өтті. Ал ұнның бағасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасыны қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталған.

Еске сала кетейік, үстіміздегі жылы Рамазан айы 2-сәуірде басталып, мамырдың 1-і күні аяқталады. 2-мамыр – Ораза айт күні. Қадір түні — сәуірдің 27-сінен 28-не қараған түні.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz