Террористік ұйымның символикасын жариялаған облыс тұрғыны жауапкершілікке тартылды

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстікқазақстандық полицейлер әлеуметтік желілерде террористік ұйымның символикасын жариялаған өңір тұрғынын әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында террористік ұйымның діни символикасын орналастырған 52 жастағы желі қолданушысын анықтады. Жиналған материалдар діни сараптамаға жіберілді. Сараптама нәтижесіне сәйкес, қала тұрғыны жариялаған суреттің террористік ұйымға қатысы бары расталды. Сәйкесінше, оны Қазақстан Республикасы аумағында таратуға тыйым салынған.

– Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен ол Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 453-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот қаулысы күшіне енді. Жыл басынан СҚО-да әлеуметтік желілерде діни мазмұндағы материалдарды таратуға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың 6 фактісі тіркелді, – деп хабарлады экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Жарасбаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz