10-13 наурыз аралығында Щучинск қаласында Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжі мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі орталық спорт клубының оқу-жаттығу орталығы базасында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы мен «Жас ұлан» республикалық мектептері тәрбиеленушілерінің I республикалық спартакиадасы өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Солтүстікқазақстандық спортшылар жақсы нәтиже көрсетті. Еліміздің түкпір-түкпірінен 80 адам 4 күн бойы бақ сынады. Пневматикалық винтовкадан ату, белтемірге тартылу, шаңғы жарысы және әскерилендірілген эстафета секілді сайыстарда Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері үздік атанды. Евгений Мосиенко мен Станислав Лосеев бірінші орынға ие болды.
Командалық есепте солтүстікқазақстандық спортшылар Чемпиондар кубогын жеңіп алды. Екінші орынды Батыс Қазақстан облысы иеленсе, 3 орын Нұр-Сұлтан қаласының командасында.