Петропавлдың іргесіндегі ауылда мектептің шатыры опырылды

Авторы: Qyzyljar News

Аққайың ауданына қарасты Тоқшын мектеп-гимназиясының шатыры опырылып, ішіне түсті деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Кешкі сағат алтыға таман мектепке жапсарластыра салынған акт залының төбесі құлаған. Бірден-бір себеп – 1955-інші жылы салынған  ғимараттың іргетасы шөккен, әрі шатыры еріген қардың салмағына шыдамаған.   Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.

Оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылып, мән-жайын анықтауда.

Ал мектепте оқитын 300 бала әзірге қашықтан білім алатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz