Облыс әкімі Құмар Ақсақалов М.Жұмабаев ауданындағы Возвышен ауылының тұрғындарымен кездесті. Жиын барысында елді мекеннің өзекті мәселелері талқыланды. Шаруалармен бірлесе Возвышен ауылдық округін дамытудың нақты жоспарын белгіленді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Өңір жетекшісі ауылдық округтің инфрақұрылымдық мәселелерін шешуге 5 жылда мемлекеттен 1,3 миллиард теңге бөлінгенін атап өтті. Мектеп, мәдениет үйі, сонымен қатар ауыл ішіндегі және айналма жол жөнделді. Елді мекенге жарық берілді. Возвышен ауылында 25 шақырым су тарату желісі салынып, 500 үйге кіргізді.
-Қазір Возвышенкада 120 бүлдіршін бар. Мектеп жанындағы шағын орталық балалардың барлығын мектепке дейінгі тәрбиемен қамти алмайды. Ауыл тұрғындары үшін бұл — өзекті мәселе. Жергілікті кәсіпкерлер балабақша ғимаратын қалпына келтіруге жобалық-сметалық құжаттама дайындап жатыр, жөндеу жұмыстарына бюджеттен қаржы бөлеміз,-деді Құмар Ақсақалов.
Кездесуде облыс әкімі «Земля Возвышенки» ЖШС-і сүт кешенінің құрылысын бастайтынын айтты. Бұл М. Жұмабаев ауданындағы алтыншы кешек болмақ.
-Біздің өңір ел бойынша тауарлы — сүт фермаларын көптеп салып жатқан өңір. Бұл – құптарлық іс. Ауылда егін, мал шаруашылығымен айналысу қажет. Атқарылып жатқан шаруаның оң нәтиже беріп жатқанын көріп жүрміз. Осының арқасында жаңадан жұмыс орындары ашылды әрі сүт өндірісі де артып келеді, — деді өңір жетекшісі.
Фото: СҚО әкімінің баспасөз қызметінен