Кеше полицейлер «Қазақтелеком» ғимаратын қоршап, жақын маңда орналасқан үй тұрғындарын қауіпсіз жерге шығарды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 сәуір сағат 16:40-та полиция департаментінің кезекші бөліміне «Қазақтелеком» қызметкерлерінен Е.Бөкетов көшесінде орналасқан әкімшілік ғимараттың жанында шет мемлекеттің мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар иесі қалдырып кеткен «Volkswagen Crafter» шағын автобусы тұрғаны туралы телефон хабар түскен.
-Полиция қызметкерлері аумақты қоршап,жақын орналасқан ғимараттардан адамдарды эвакуациялады. Күдік тудырған көліктің иесі 1981 жылы туған ер адам екені анықталды. Тексеру нәтижесінде ешқандай қауіпті заттар табылмады. Қоғамдық тәртіп бұзылған жоқ, — деп хабарлады СҚО ПД баспасөз қызметі.
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметінен