СҚО-да Олимпиада және Азия ойындарына қатысушыларға берілетін ақшалай төлемдер мөлшері артады

Авторы: Qyzyljar News

Қаулы жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер сайтына жарияланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Спортшыларға берілетін сыйақы осыдан 5 жыл бұрын белгіленген. Алайда, олар қазіргі ең төменгі күнкөріс деңгейіне сәйкес келмейді.

Ай сайынғы төлем спорттық жарыстың деңгейіне және еншілеген орнына байланысты берілмек. Мәселен, 1-орын алған Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының қатысушыларына 250 АЕК-ке дейін, 2 – орын — 200 АЕК – ке дейін, 3-орын-150 АЕК-ке дейін төленеді.

4-ші, 5-ші және 6-шы орын иеленгендерге – 140, 130 және 120 АЕК көлемінде төлемақы беріледі. Азия ойындарының жүлдегерлеріне, ересектер арасындағы әлем чемпионаттарының қатысушыларына айына 150, 130 және 120 АЕК-ке дейін ай сайынғы төлем белгілеу ұсынылады.
Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегерлері-60, 50 және 40 АЕК-ке дейін;
Азия чемпионаты, Әлем кубогы, ересектер арасындағы Әлем кубогының кезеңдеріне қатысушыларға — 100, 80, 60 АЕК – ке дейін, жасөспірімдер үшін-40, 30, 20 АЕК-ке дейін;
Ересектер арасындағы Азия, Еуропа кубогы — 50, 40, 30 АЕК – ке дейін, жасөспірімдер үшін — 40, 30, 20 АЕК-ке дейін.
Ересектер арасында Қазақстан Республикасы чемпионаты, Қазақстан Республикасы спартакиадасы, Қазақстан Республикасы Паралимпиадалық ойындары, Қазақстан Республикасы Сурдлимпиадалық ойындарына — 50, 40, 30 АЕК дейін, жасөспірімдер үшін – 30, 20, 10 АЕК дейін өтемақы төленеді,

Фото: olympic.kz

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz