Петропавлдағы 2-ЖЭО-да мұржаның құлау себебі белгілі болды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл – 2 –ЖЭО   мұржасының опырылуына байланысты  құрылған  арнайы  комиссия сараптаманың  алдын-ала мәліметтерін жариялады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

— Мұржадан  шығатын түтін газдарының минималды температурасын сақтамау бу қазандықтарының жұмыс режімінің бұзылуына әкелген. Мұржаның бойындағы шығатын газ температурасының төмендеу факторы «шық нүктесінің» пайда болуына және мұржаның ішкі бетінде су конденсатының қалыптасуына, ал конденсат қазандықтан шығатын газдың басқа қоспаларымен (күкірт қышқылы SO2) қосылып, қышқылдарға айналған болуы мүмкін. Қышқылдың әсер етуі бетонның мерзімінен бұрын және түтін мұржасының негізінің бұзылуына алып келді, —  делінген энергетика министрлігі таратқан мәліметте.

 

Қышқыл, тиісінше, бетонды және құбырдың арматурасын бұзып, нәтижесінде құлауына себеп болған.

Технологиялық бұзушылықты тексеру бойынша комиссия жұмысы  жалғасады.

Фото ашық дереккөзден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz