Жеке үй салуға 10 сотық жер алу үшін «egov.kz» арқылы кезекке тұруға болады

Авторы: Qyzyljar News

Жаңа жүйенің арқасында қазақстандықтар жер алуға кезекке тұрып, оның жылжу барысын бақылап, жер кезегіне бұдан бұрын берілген өтініштің деректерін біліп отырады. Осылайша, барлық процесі барынша ашық болады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

-Әкімдіктер берген тізімді біз цифрландырып, электронды форматқа ауыстырдық. Жер теліміне кезекті цифрландыру – сыбайлас жемқорлықты жою және жерді игеру үдерісінде жасалған үлкен қадам. Енді кәмелет жасына толған әрбір қазақстандық үйден шықпай-ақ, 10 сотық жерге «egov.kz» арқылы өтінім бере алады. Тағы бір жаңашылдық – енді таңдаған аймақтың әкімдігіне бармай-ақ, еліміздің кез келген өңірінен жер теліміне өтініш беруге болады», – деп түсіндірді Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов.

Қызметті пайдалану үшін «egov.kz» порталына кіріп, «Жылжымайтын мүлік» – «Жер қатынастары» бөлімінен «Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін (10 сотық жер) алуға кезекті қарау немесе кезекке тұру» қызметін таңдау керек.

Әрі қарай төменде көрсетілген өтініш түрлерінің бірін таңдау қажет.
-кезекке қою;
-деректерді өзектендіру;
-кезектен шығару.
Егер азаматтар жер учаскесін алу үшін кезекке алғаш рет өтініш білдіріп тұрса, онда өздері жер алуды қалайтын аймақты белгілейді.
Егер сіз осыған дейін жер кезегіне тұрған болсаңыз, бірақ ол туралы ақпаратты таба алмасаңыз, онда «Өзектендіру» өтініш түрін таңдауыңыз қажет.

Кезек алғаныңызды растау үшін қолыңызда бар құжатты жүктеу қажет. Сондай-ақ кезек ретін www.map.gov4c.kz/egkn/ сайтында ЭЦҚ арқылы авторизациядан өтіп, бақылап отыруға болады.
Бұдан бұрын алған жер кезегінен бас тарту үшін «Шығару» өтініш түрін таңдау керек.
Егер азамат осыған дейін мемлекеттен тегін жер телімін алған болса немесе елді мекенде ЖТҚ үшін бос жер телімі болмаса, жер кезегіне өтініш бере алмайды. Бос учаскелерді беру жөніндегі шешімді әкімдіктер қабылдайды. Учаскелер алаңдардың дайын болуына қарай немесе елдімекеннің бас жоспарына сәйкес, бос аумақтар болған жағдайда берілетін болады.
Егер бұрын бір өңірде жер теліміне кезекке тұрған болсаңыз, ал қазір өзге аймақтан жер алғыңыз келсе, 10 сотыққа кезек реті ертерек келген өңірден және жер бір рет қана берілетінін, қалған өтініштердің күші жойылатынын ескеру қажет.

Фото: ашық дереккөздерден

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz