10 сәуірде Петропавлда жарық өшіп қалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Севказэнерго» АҚ баспасөз қызметінің ақпаратына сай, «Город 4″қосалқы станциясының жанында шөп өртенген. Салдарынан порталдық оқшаулағыштар жабылып, электрмен жабдықтау автоматты түрде тоқтаған.
Қазіргі уақытта «Город 4» желісінің жұмысы толығымен қалпына келтірілді, электр қуатында шектеу жоқ.
– «СК РЭК» АҚ мамандары желілердің күзетілетін аймақтарында от жақпауды сұрайды, себебі бұл аса қауіпті, арты апатқа ұласуы мүмкін, делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.