Қазақстан Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанмен құрлықтағы шекарадағы шектеулерді алып тастады

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия бүгіннен бастап Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанмен арадағы шекараны ашу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Сонымен қатар,Қазақстанның мемлекеттік шекарасын әуе қатынасы арқылы кесіп өтуге белгіленген барлық шектеулер алынуда. Елдер арасында шекараны кесіп өту үшін азаматтың COVID-19-бен ауырмайтынын растайтын ПТР- тестінің нәтижесі мен вакцинация паспорты болуы қажет.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі биылғы жылдың екінші тоқсанының соңында Қазақстан мен Ресей арасында жолаушылар пойыздарын іске қосу жоспарланып отырғанын хабарлады.

Фото: Baltphoto

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz