Петропавлдық көпбалалы әке Айдын Ізбасар «Адал жүрек» жобасын таныстырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жоба таныстырылған семинарға көп балалы отбасылар, ҮЕҰ өкілдері, еріктілер, «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері қатысты.
— «Адал жүрек» жобасы көп балалы отбасылардың қоғамдағы масылдық туралы пікірден арылуға септеседі. Ол 2017 жылдан бері табысты жүзеге асырылып келеді және 10 — ға жуық отбасын біріктіреді, олардың көпшілігі көпбалалы отбасылар,-деп атап өтті партияның баспасөз қызметі.
⠀Жоба келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
— Рухани білімі;
— Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу, оларды еңбекке, командалық жұмысқа тарту, салт-дәстүрлерді зерттеу;
— Білім беру курстары, менеджмент, эмоционалды интеллект, келіссөздер өнері бойынша шеберлік сыныптары;
«Асар» қағидаты бойынша көп балалы отбасылардың үйлеріне жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру;
— Құрылыста шаруашылық қажеттіліктер үшін пайдаланылатын кірпіш өндірісі;
-Ұлттық жиһаз және киіз үй трансформерлерін өндіруге үйрететін шеберхана (ағаш ұстасы цехы);
— Көп балалы аналар ұлттық тұрмыстық заттарды тігу, дайындау дағдыларын алатын Ателье;
— Көп балалы отбасыларды экологиялық таза етпен қамтамасыз ету мақсатында мал шаруашылығын дамыту;
— Экологиялық таза картоп өсіру.
Фото: «Nur Otan» партиясының фейсбуктағы парақшасынан