Құмар Ақсақалов: 15 сәуірде Петропавл 2-ЖЭО-дағы мұржаны жөндеу жұмыстары басталады

Авторы: Qyzyljar News

Өңір басшысы «Севказэнерго» АҚ-ның Петропавлдағы 2-ЖЭО-дағы жағдайды қалыпқа келтіру бойынша Жол картасы әзірленгенін атап өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

— Жол картасы негізінде орталықтағы барлық қазандықтарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Сарапшылар келіп, мән-жайды жан-жақты қарастырып шықты. Ертең елордаға барамын. Жол картасын бекітіп іске кірісу үшін Бірінші вице-премьермен, Энергетика министрлігімен, сарапшылармен және акционерлермен кеңес өткізуге шешім қабылданды. Сәуірдің 15-інен бастап жылу электр орталығындағы мұржаны жөндеуді бастаймыз. Қазірдің өзін қазандықтарды жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық қазандықтарға күрделі жөндеу жүргізіледі, — деді Құмар Ақсақалов.

Облыс әкімінің айтуынша, жылыту маусымы аяқталғаннан кейін қызметкерлер мұржаны кесіп, тексеріс жұмыстарына кіріседі.

 

-Шаруаны жаңа жылыту маусымына дейін аяқтап үлгереміз деп ойлаймын. Акционерлер жөндеуге қажетті материалдарды сатып алып жатыр. Қаражат тартудың түрлі амалдары қарастырылуда. Мен бұл істі тарифтер есебінен жасауға қарсымын, — деді өңір басшысы.

Фото: Sputnik

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz