Қазақстан Ұлттық банкінің ақпаратына сүйенсек, соңғы кезде қырыққабат, қант, картоп және қызанақтың бағасы айтарлықтай өскен, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
— Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы наурыздың төртінші аптасының қорытындысы бойынша 18,6% — ға дейін өсті. Бұған тұрғындардың азық-түлікті жаппай сатып алуы әсер еткені рас. Бүгінде баға тұрақтанып келеді, — деді Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов.
Төрағаның айтуынша, биылғы жылдың наурыз айында Қазақстанда инфляция көлемі 2016 жылдың қыркүйегінен бастап ең жоғарғы шегіне жетіп, 12% — ды құрады.
— Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар тарапынан алдын алу шараларын қабылдау және бағаның маусымдық өсуіне жол бермеу талап етіледі. Елді әлеуметтік маңызы бар азық — түлік тауарларымен қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстау маңызды, — деді Ұлттық банк басшысы.
фото: ашық дереккөздерден