Қорғаныс министрлігі Қарулы күштердің 30 жылдығы мен Ұлы Жеңіс күніне орай әскери шеру өткізілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ведомство өкілдері Қарулы күштердің құрылғанына 30 жыл толуын атап өту үшін дайындық жоспары әзірленгенін атап өтті. Жоспарға сәйкес Қазақстанда әскери қызметтің имиджі мен беделін көтеруге бағытталған түрлі әскери-патриоттық іс-шаралар, батылдыққа тәрбиелейтін сабақтар, ашық есік күндері және мерекелік концерттер ұйымдастырылады. Алайда, мереке қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен Қарулы күштер ардагерлері ұмыт қалмайды. Ел азаматтарын лайықты түрде құттықтау жоспарланып отыр.
Еске салсақ, Қазақстанда әскери шеру соңғы рет 2018 жылы өткізілген болатын.
Фото: ашық дереккөздерден